Қоғам

"Ұрайын деген ойым жоқ еді". 103 қызметкерін соққыға жыққан ер адам бейнеүндеу жариялады

"Ұрайын деген ойым жоқ еді". 103 қызметкерін соққыға жыққан ер адам бейнеүндеу жариялады

Қарағанды қаласында жедел жәрдем жүргізушісін ұрып-соққан азамат Нұрболат Дәкебаев полицияға өз еркімен берілердің алдында бейнеүндеу жариялаған, деп хабарлайды jambylinfo.kz. Ол бейнежазбасында өзі ұрған адамнан және бүкіл қазақстандықтардан кешірім сұраған. Сөзіне сенсек, біреуге зәбір көрсетейін деген ойы болмаған және істеген әрекеті ұятына маза бермеген.

Айта кетейік, полиция қызметкерлері оны Қарағандыдан  200 шақырым қашықтықта орналасқан ауылдардың бірінен қолға түсірген болатын. Тергеу жалғасып жатыр.