Рейд жұмыстары жүруде
Рейд жұмыстары жүруде
Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі автомобиль жолдары бөлімі мамандары мен бірге аудандық полиция, ауыл әкімдігі қызметкерлері қоғамдық көліктерде бетперде тағу режимін жолаушылар қалай сақтайтынын тексеруге шықты. Рейдтік іс-шара аясында Мойынқұм-Қарабогет, Мойынқұм-Қылышбай елді мекендеріне қатынайтын және ауылішілік маршруттарды тексеру барысында, жолаушылар карантин режимін толықтай сақтаған. Сондай-ақ, жолаушыларға, автобус жүргізушілеріне қоғамдық көлікте карантин режимін сақтау туралы ережелері түсіндіріліп, бетперде тағудан бас тартқан жағдайда Қазақстан республикасының заң талаптарына сәйкес, карантин режимін сақтамағаны үшін айыппұл қарастырылғаны ескертілді.