Қоғам

Әріптес жетістігі

Әріптес жетістігі

Бүгін Атырау қаласында "Рухани  жаңғыру: болашаққа бағдар" жалпыұлттық жобасы аясында "Рахымжан Отарбаевтың Руханият Қоры" жеке қоры драматургия, проза салалары бойынша сыншы, әдебиетшілер арасында өткізген "Рахымжан Отарбаев шығармашылығы. Әдеби сын" байқауының қорытындысы шығып, әріптесіміз, облыстық «Ақ жол» газетінің әлеумет бөлімінің редакторы Ардақ Үсейінова ынталандыру сыйлығына ие болды.

Белгілі сыншы Амангелді Кеңшілікұлы бастаған қазылар алқасы Рахымжан Отарбаевтың шығармашылығын арқау еткен отыздан астам жұмысты саралай келіп, екі жанр бойынша үздіктерді анықтады. Проза жанры бойынша I орын  – Алмаз Мырзахметке (1 000 000 теңге), II орын –   Сержан Сәрсенбайға (500 000 теңге), III орын  – Балнұр Қызырбекқызына, Марат Әзімханға және Досбол Исламға (300 000 теңге) бұйырды. Ал, драматургия жанры бойынша қазылар алқасы Айзат Қадырәлиеваны жеңімпаз деп таныды. Сондай-ақ Рахымжан Отарбаев атындағы арнайы сыйлық Айнұр Төлеуге (500 000 теңге) табысталды.

Ал ынталандыру сыйлықтарына А.Рақыш, әріптесіміз, облыстық «Ақ жол» газетінің әлеумет бөлімінің редакторы А.Үсейінова, А.Найманбай, М.Төлегенов, А.Ақболатов, Р.Сұлтанғалиев, Ж.Утешева ие болды. Осы ретте әріптесіміздің еңбегі ескерілгенін ерекше атап өтіп, шығармашылығына шалқар шабыт, толағай табыс тілейміз.