Қоғам

Өрт сөндірушілер әрдайым кезекшілікте

Өрт сөндірушілер әрдайым кезекшілікте

17 тамызда сағат 20.26-да Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметінің «101» телефон нөміріне Тараз қаласы, Мичурин көшесінің 1-ші бұрылысындағы тұрғын үйдің бірінде жаздық асхананың өртенгендігі жөнінде хабарлама келіп түсті. Өрт оқиғасына № 4 Өрт сөндіру бөлімінің 1 және 2 бөлімдерінен барлығы 6 адам шығып, шұғыл жүрігізілген барлау нәтижесінде жаздық асхананың тұрғынүймен бірге қосылып соғылғандығын көріп, №2 жоғарғы рангты шақырту жариялайды. Аталған шақырту бойынша оқиға орнына қосымша Тараз қаласы №1 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі, Тараз қаласы №3 Өрт сөндіру бөлімі және Кезекшілік өрт сөндіру қызметінен барлығы 5 дана техника мен 20 адамнан құралған жеке құрам жұмылдырылған. Дер кезінде жеткен өрт сөндірушілер қызыл жалынның одан әрі таралуының алдын алып, өртті сағат 20.41-де ауыздықтады және 20.54-те жойды. Өрт салдарынан жаздық асхананың шатыры жойылды. Сонымен қатар тәулік ішінде Жуалы ауданы, Қошқар ата ауылының жанындағы тас жолдың 24-ші шақырымында 1991 жылы шығарылған МТЗ-80 тракторының және тіркеменің, сондай-ақ жанында шашылған түктелген шөптің өртенуі болды. Өрт салдарынан 145 түк (4 тн) шөбі жойылып, тіркеме зақымдалды. Сондай-ақ Шу ауданы, Белбасар ауылы, Достық көшесіндегі тұрғын үйдің ауласында шөпхана өртенген. Көлемі 150 шаршы метрді құраған. Өрт салдарынан шөпхана 1000 түк (25 тн) шөбімен жойылды. Дәл осы тәулік ішінде өрт сөндіруші-құтқарушылар Байзақ ауданы, Алматы-Ташкент тас жолының 457-ші шақырымында «Toyota Corolla» және «Howo» Камаз автокөліктерінің соқтығысуына байланысты полиция қызметіне көмекке шыққан. Сондай-ақ құтқаруылармен Тараз қаласы, Байзақ батыр көшесінің 3-ші бұрылысында орналасқан «Laf» азық-түлік дүкенінің ішін түтіннен тазарту жұмыстары жүргізілген. Тәулік ішінде Жедел құтқару жасағының құтқарушыларымен Тараз қаласы, Достоевского бұрылысы №5 үйдегі пәтердің ішінде 3 жасар және 10 айлық балалар қалып қойғандықтан үй иесіне пәтердің есігін ашып беру жұмыстары жүргізілген. Жалпы Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру қызметінің күштері мен құралдары тәулік ішінде өрт оқиғасына 3 рет, апаттық-құтқару жұмыстарына 3 рет және қиқоқыстың жануы мен қураған шөптің жануы бойынша шақыртуларға 12 рет шыққан.