Қоғам

Сап, сап көңілім немесе сапалы ауыз су ішетін күн жақын

Сап, сап көңілім немесе сапалы ауыз су ішетін күн жақын

Ауылдағы ағайынның алдыңғы шепте тұратын мәселесі ол-сапалы ауыз су. Сапалы ауыз суға қол жеткізіп, игілігін көру көп кісінің көңілдегі арманы. Өзен атын иемдеген Шу ауданында сапалы ауыз сумен қамту жұмысы қарқын алды десек қателеспейміз. Барлығы 1 қала, 24 ауылдық елді мекен тұрғындарының орталықтандырылған ауыз су туралы армандамайды. Себебі түгел қамтылған. 2006 және 2019 жылдар аралығында 14 ауылдың су жүйелеріне құрылысшылар қолы тиген. Қуантарлығы Оразалы батыр ауылында ауыз суымен ақ дидарды жуып, салқынына шөл қандыратын күн жақын. Себебі су құбыры мен су алғыш құрылысын салу жобасы аяқталуға тақау. 580222,0 мың теңгелік құны бар жоба 2019 жылдың сәуірінде мемлекеттік сараптама қорытындысын алған. Бүгінде жұмыстың жетпіс пайызы аяқталып, ауыл тұрғындарының ауыз суға асықтыруда.