Қоғам

Сарыөзектегі әскери гарнизонда сарбаз қаза тапты

Сарбаздың қазасына байланысты қылмыстық іс қозғалды

Сарыөзек гарнизонында далалық жаттығу барысында мерзімді қызметтегі сарбаз атыс қаруынан оқ тиіп, қаза болды. Алдын ала мәлімет бойынша қайғылы оқиға қарумен жұмыс істеу ережесін бұзу салдарынан орын алған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz. 24kz арнасына сілтеме жасап. 

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу шаралары басталып кетті. Қайғылы оқиғаға қатысты ҚР Құрлық әскерлері ресми мәлімдеме жариялады. Онда қызмет барысында сарбаз өзін оң жағынан көрсеткені және қызметтік міндеттерін толық көлемде орындағаны айтылады.