Қоғам

Шерзат Полаттың өліміне қатысты іс бойынша тың деректер жарияланды

The final spritzer

Жетісу облысының мамандандырылған ауданаралық сотында Шерзат Полаттың өліміне қатысты іс қаралып жатыр. Қоғамда үлкен резонанс тудырған бұл сот процесінде маңызды айғақтар жария етілуде.

Сот отырысында мемлекеттік айыптаушы Дана Сәрсенбай күдікті Нұрбол Тоқтаубаев тізгіндеген Volkswagen Golf көлігіне жүргізілген тексеру хаттамасын оқып берді. Бұған дейін марқұм Нұрқанат Ғайыпбаев та бұл көліктің оқиға орнында болғанын растаған еді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Прокурор көліктің алдыңғы және артқы терезелерінде сыну мен тесу іздері бар екенін атап өтті. 

Сонымен қатар, көліктің жүк салғышынан тағы екі тас және сабы қоңыр, ағаштан жасалған асүй пышағы алынған. Бұл заттар да іс үшін маңызды айғақ ретінде қарастырылып отыр.

Тағы бір назар аударарлық жайт – көлік қобдишасынан табылған медициналық куәландыру қорытындысы. Құжат Жантөре Байтұрсынның атына берілген және психобелсенді зат қолданғаны мен мас күйде болғанын көрсетеді. 

Сот процесі жалғасуда. Келтірілген әрбір дерек істің мән-жайын ашуға және кінәлілерді әділ жазалауға себеп болуы мүмкін.