Қоғам

Шерзаттың ағасына төбелес кезінде келген жарақаттар жеңіл дене жарақаты деп танылды

The final spritzer

Бұл туралы Алматы облыстық сот-медициналық сараптама зертханасының маманы Өмірбек Жолумбетов мәлімдеді

Шерзат Полаттың ағасы — Нұрқанат Ғайыпбаевтың төбелес кезінде алған жарақаттары жеңіл дене жарақаты ретінде бағаланды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Терапевттің қарауынан кейін Ғайыпбаевқа мынадай клиникалық диагноз қойылған: жабық бас-ми жарақаты, мидың шайқалуы, маңдай тұсында жұмсақ тіндердің жарақаты мен сырылып түсуі, шүйде тұсында гематома, кеуде тұсындағы жабық жарақат, шынтақ маңайындағы жұмсақ тіндердің соғылуы, оң жақ бөксе тұсындағы бірнеше пышақ жарақаты, тізе буынындағы жұмсақ тіндердің соғылуы.

Сарапшының айтуынша, жарақаттардың сипаты жеңіл болған. Олар адамның мүгедек болуына немесе есінен тануына себеп бола алмайды және "өздігінен жазылып кететін жарақаттар" санатына жатады.

Айта кетейік, 2024 жылдың желтоқсанында Талғар шетінде Шерзат Полаттың ағасының денесі табылған. Кейін полиция Нұрқанат Ғайыпбаев өзіне-өзі қол жұмсамас бұрын хат жазып кеткенін хабарлаған еді.