Қоғам

Шерзатты өлтірді деген күдікті бет-жүзін көрсетуге келісті

Бұл туралы Абзал Шынасылдың адвокаты Абенов мәлімдеді

Бүгін Жетісу облысының мамандандырылған ауданаралық сотында 16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне байланысты қылмыстық іс бойынша кезекті сот отырысы өтуде, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Сотта басты айыпталушылардың бірі – Абзал Шынасыл өзінің келбетін бұқаралық ақпарат құралдарына жариялауға келісім берді. 

Бұған дейін өзге күдіктілер – Әскентай, Нұрбол Тоқтаубаев, Белғожаев, Ілиясов және Такиев бет-жүзін көрсетпеуді сұраған еді.

Еске салайық, қылмыстық іс бойынша бірнеше адам жауапқа тартылып отыр. Сот процесі жалғасуда.