Жамбыл облысы әкімдігі мен облыстық «Рухани жаңғыру» жобалық офисінің бастамасымен бастау алған «Асарлатып үй салу» жобасы Шу ауданы Жаңақоғам ауылдық округінде жалғасуда. Қазіргі кезде Көктөбе ауылының тұрғыны Райкүл Тулегенованың отбасына баспана салу жұмысы басталып, жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Көктөбе ауылы, көп ұлтты, бірлігі жарасқан үлгілі ауылдардың бірі.Баспана құрылысы қазан айында аяқталып, Тулегеновтар әулетіне жаңа баспананың кілті салтанатты түрде тапсыру жоспарлануда.
Дәл осындай жұмыстар Бірлік ауылдық округінде де өз жалғасын тапты. Асарлату бірлесе отырып, бір-біріне қол ұшын созу — мақсат, мұрат, мүдделері тоғысынан туындаған қазақ халқының дүниетанымындағы маңызды ұғым. Бұл ретте, шынайы бірлік – адамдар арасындағы ынтымақтың, жарасымды татулықтың көрінісі екендігін Бірлік ауылының тұрғындары көрсетті. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады деген сенімдеміз.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Спорт саңлақтарын қабылдады
Ұқсас жаңалықтар
«Заң және тәртіп»: Жуалыда прокурорлар жастармен кездесу өткізді
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024
Енді мұғалімдерді балағаттағандар қомақты айыппұл арқалайды
- авторjambylinfo.kz
- 18 желтоқсан, 2024