Қоғам

«Шынында да жантүршігерлік оқиға»: Ерлан Қошанов Бишімбаевтың соты туралы пікір білдірді

Ерлан Қошановтың ойынша, Бишімбаевтың соты мейлінше ашық жүріп жатыр

Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов әйелін өлтірді деп айыпталған сотталушы экс-министр Қуандық Бишімбаевтың соты туралы пікір білдірді, деп хабарлайды jambylinfo.kz. 


Мәжіліс спикері сот процесіне мейлі ол депутат, мейлі басқа да лауазымды тұлға болсын, ешкімнің араласуына  құқығы жоқ екенін атап өтті. 


Осы орайда БАҚ өкілдері төменгі палата спикеріне Бишімбаевтың соты өтіп жатқан залға журналистерді кіргізбей жатқанын айтып шағымданды. 


Естеріңізге сала кетейік, бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы қатігездікпен өлтірді деп айыпталып отыр. Алайда экс-шенеунік кінәсін мойындаған жоқ. Осы іс бойынша басты сот отырысы 27 наурызға белгіленді.