Өскеменде дүкеннен 80 қорап шоколад ұрлаған күдікті ұсталды
Ірі сауда орталықтарының бірінде бірнеше рет жасалған ұрлық фактісі тіркелді.
Өскеменде дүкеннен 80 қорап шоколад жымқырған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қаңтар-ақпан айлары аралығында ер адам сауда залынан бірнеше рет тауар ұрлаған. Ол өз әрекетін ешкім байқамаған сәттерді пайдаланып, заттарды сыртқы киімнің ішіне жасырып, ақысын төлеместен дүкеннен шығып кетіп отырған.