Қоғам

«Төбеден түскен торт»: Тараздық жұптың тойы желі қолданушыларын таң қалдырды

Жас жұбайлардың үйлену тойы 14 тамызда өткен

Таразда өткен ерекше тойдың бейнежазбасы көпшіліктің талқысына түсті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Әлеуметтік желідегі бейнежазбаға зер салсақ, салтанатты мейрамхананың төбе жағынан түскен тортты көруге болады. Көпшіліктің назары ауған видео санаулы сағатта 170 мыңнан аса қаралым жинаған. 
Еламан есімді күйеу жігіт  tengri.life тілшісіне берген сұхбатында ерекше тойы туралы айтып берген. Ал, әдемі сәтті таспалаған Еламанның досы екен.