Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында Үкіметке азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыруды тапсырған болатын. Аталған Жолдауда Президентіміз: «Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады. Сондықтан азаматтық қоғамға қолдау көрсетіп, оның әлеуетін нығайта түсу керек. Сондай-ақ, аса маңызды жалпы мемлекеттік міндеттерді шешу үшін талқылау жұмыстарына азаматтық қоғамның мүмкіндіктерін кеңінен қолдану қажет» деген еді. Бүгінде Мемлекет басшысы жүктеген міндет аудан аумағында да жүзеге асуда. Мәселен Сарысу ауданының әкімі Бақытжан Жақсылықов Жаңатас қаласы Бүркітті елді мекенінің тұрғындарымен барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып кездесу өтті. Мақсат – өңір тұрғындарының әл-ауқатын көтеру мен өңір экономикасын дамыту барысында аудан жұртшылығы тарапынан айтылған ұсыныс-пікірлерді де ескере отырып жұмыс істеу. Осы мақсат негізінде Жаңатас қаласы әкімінің осы жылдың 11 айында атқарған жұмыстары тыңдалды. Атақарылған жұмыстарыдың қорытындысы жұртшылықпен бірге талқыланып, қала тұрғындарының ұсыныс-пікірлері тыңдалды. Мәселен Ы.Дүкенұлы көшесінің тұрғыны, зейнеткер Қосыбай Әліпбеков Дүкенұлы, Молдағұлова, Оразбаева көшелерін жарықтандыру, Бүркітті елді мекеніне қоғамдық көлік жүруін қамтамасыз ету, ит аула шараларын жандандыруды сұрады. Ал Қ. Сатпаев көшесінің түрғыны, зейнеткер Р.Тұрғанбаева Сатпаев көшесіне асфальт салу, көліктердің жүру жылдамдығын тежейтін бөгеттерді орнату жайын сөз етті. Оразбаева көшесінің тұрғыны Е.Жақсылықов Бүркітті елді мекені аумағында және Тараз қаласына шығаберіс бағытында жаяу жүргінішілерге арналған жолдарды (тротуар, сквер) орнату, Жаңатас қаласының сәулеттік келбетіне көңіл аудару мәселесін қозғады. – Бұрынғы «Космонавт» деп аталатын аумақта ши бөрі, қасқыр секілді жабайы жыртқыш аңдар өріп жүр. Тіпті олар ауыл шетіндегі үйлердің қорасына түсіп, малға шауып жатыр. Қазір бұрынғыдай қасқыр аулау ісі де назардан тыс қалып барады. Бір мезгіл ағарған ішу үшін жалғыз сиырының бетіне қарап отырған тұрғындар сізден осы жағдай зеределеп, малын түз тағысы жарып кетпеуінің алдын алуд сұрайды, – деді Серікбай Омаров есімді тағы бір тұрғын. Бұдан бөлек жиында тұрғындар «Три богатыря» кешесінің болашақта мәселесі қалай шешілетінін, оқушылардың қыс мезгілінде мұздақ жолда қауіпсіздігін сақтау мақсатында Абай мектебінің қоршауының жолға жақын жерінен шағын қақпа жасап, кіретін орын болса деген ұсынысын жеткізді. Өз кезегінде Б.Жақсылықов қала тұрғындары тарапынан айтылған ұсыныс-пікірлерді қала әкімі Д.Борсықовпен бірге жиын барысында кеңінен талқылап, қойылған сұрақтарға жауап берді. Күн тәртібіндегі мәселені қорытындылай келе аудан әкімі аудандық әкімдіктің тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөліміне Бүркітті елді мекеніне қатынайтын қоғамдық көліктің маршрутын енгізу мәселесін келер жылдың көктеміне дейін шешуді тапсырды. Жаңатас қаласы әкімінің аппаратына Бүркітті елді мекенінде қосымша балалар ойын алаңшасын салу мәселесін зерделеуді, Автобекет жанындағы қоршалған спорт алаңшасының төсенішін ауысытыру шараларын қамтамасыз етуді, Бүркітті елді мекені аумағында және Тараз қаласына шығаберіс бағытында жаяу жүргінішілерге арналған жолдарды демалыс орындары, қоқыс салатын жәшіктерін орнату шараларын зерделеп, ұсыныс беруді жүктеді. Осы тектес әрбір көтерілген мәселе алдағы уақытта рет-ретімен шешілетін болды.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз