Қоғам

Табыс қазанын  еңбекпен қайнатқан түймекенттіктер

Табыс қазанын  еңбекпен қайнатқан түймекенттіктер

Түймекент ауылдық округінің тұрғындары бүгінде табыс қазанын қызу еңбекпен қайнатып жүргені аян. Бұған себеп болған аядай ғана ауладан мол табыс табуға болатынын кезекті рет дәлелдеген «Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту» пилоттық жобасы.

Бүгінде Түймекент ауылында жобаның алғашқы бағыты бойынша 1 144 аула 132,7 гектар алқаптан картоп, қияр, қызанақ сынды көкөніс жиналып, қыстық қорын жасақтап үлгерді. Баянды бастаманың көмегімен мал шаруашылығына ден қойғандар қатары артты.

Тұрғындар пилоттық жоба қатысушыларына берілген жөңілдетілген несие көмегімен 630 жылқы, 2 954 ұсақ мал, 543 мүйізді ірі қара және 1 025 үй құсын сатып алды. Бұған қоса, ауыл сыртындағы жер үлестерін кәдеге жарату арқылы да шаруасы шалқығандар баршылық. Аталған жер үлестерінің есебінен кооперативке 413 гектар егістік жер біріктіріліп, биылғы жылы мұнда бақша дақылдарымен бірге жүгері, жоңышқа сынды мал азығы да егілді. Бүгінгі күнге дейін кооперативтің 38 мүшесіне 3 800 түк жоңышқа, 38 тонна арпа төмендетілген бағамен таратылды. Ауыл шаруашылығы өнім өндірушілері үшін өткір мәселенің бірі саналатын техникалық паркті жаңарту да жасампаз жоба арқылы өз шешімін тапты. Мәселен, «Түймекент - 2019» ауыл шаруашылығы кооперативіне кепілзат есебінен 85 миллион 840 мың теңгеге 18 дана әртүрлі техника сатып алынды. Оның ішінде, 3 дана трактор, 1 дана комбайн, соқа, культиватор, дән сепкіш, дәрі шашқыш, шөп тайлағыш, тіркеме, жүктегіш сияқты тағы басқа қосымша құрылғылар алынып, пайдаланылуда.

Елді мекендерде шағын бизнестің көрігін қыздырғысы келгендер де пилоттық жобаның мүмкіндіктерін оңтайлы пайдалана білгенін атап өту артық болмас. Соның есебінен Түймекент ауылдық округінің өзінен 4 кәсіпкер 13 миллион теңгеге жуық несие алып, омарта, жылыжай шаруашылығы мен ұрық тазалау, наубайхана сынды кәсіпкерлік нысандарын іске қосты.

Бал омартасы іске қосылып, қазіргі таңда таулы аймақтардан бал шырынын жинап жатса, жылыжай орны қазылып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Кәсіпкердің айтуынша, наубайхана құрылысының жұмыстары толығымен бітсе, сыйымдылығы 250 дана нанға арналған пеш дайын болмақ. Ал, жоңышқа ұрығын тазалау қондырғысы осы айда іске қосылып жұмысын бастайды. Жалпы, 2,5 пайызбен 262 жеке  кәсіпкер 615 215 000 теңге несие алса, оның ішінде, 258-і мал бойынша 602 315 000 теңге, бесінші бағыт бойынша 4 кәсіпкер 12 900 000 теңге несиеге қол жеткізіп отыр.

Ауылдық округте үстіміздегі жылы мемлекеттік және салалық бағдарламалар арқылы да ауқымды істер қолға алынды. Нәтижесінде, ағымдағы жылға «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша 428 миллион 728 мың теңге қаражат бөлінді. Атап айтқанда, білім саласы бойынша Түймекент орта мектебін күрделі жөндеуге 115 миллион теңге, «Қарлығаш» бала бақшасын күрделі жөндеуге 163 миллион теңге, Түймекент ауылындағы мәдениет үйінің шатыры мен жылу жүйесін жөндеуге 3 миллион 100 мың теңге, модульдік қазандық орнатуға 7 миллион теңге, мәдениет үйінің алдын абаттандыру, брусчатка төсеу, фонтан орнату, көгеріштендіруге 21 миллион 131 мың теңге, спорт саласы бойынша стадионды қоршауға 7 миллион 261 мың теңге, шағын футбол алаңын орнатуға 9 миллион 746 мың теңге, Ақжар ауылында шағын футбол алаңын орнатуға 9 миллион 746 мың теңге жұмсалды. Ақжар ауылындағы «Ардагерлер аллеясы» құрылысына 3 миллион 676 мың теңге бөлініп, ондағы құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың 3 маусымында аяқталды.

Ауыл көшелерін жарықтандыру мен жолдарды орта жөндеуден өткізу де назардан тыс қалмады. Ақжар ауылындағы “Абай” көшесін жарықтандыруға 5 миллион 66 мың теңге бөлінсе, аталмыш көшені орта жөндеуден өткізу мақсатында 34 миллион 646 мың теңге қаралды. Сондай-ақ, Түймекент ауылындағы «Жамбыл», «Т.Рысқұлов», «Ш.Есботаұлы» көшелерін орта жөндеуге 60 миллионнан астам теңге бөлінді.

«Асарлатып үй салу» жобасы аясында, Түймекент ауылы, «Д. Қонаев» көшесі № 89 үйдің тұрғыны, тұрмысы төмен отбасы, мүмкіндігі шектеулі баласы бар Ғалымжан Бекбауовқа тұрғын үй салынуда. Қазіргі таңда, кірпіші қаланып бітуге таяп қалған баспанаға ауыл еріктілері және жеке кәсіпкерлер демеушілік көрсетуде. Құрылыс жұмыстары жылдың соңына дейін аяқталады деп күтілуде.

Түймекент ауылдық округі бойынша коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында, тұрғындарды ақпараттандыру, түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Елді мекен тұрғындарына қауіпсіздік шаралары мен гигиеналық талаптарды сақтау туралы 1 310 аулаға ауылдық округте құрылған мобильді топ түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Шектеу шаралары кезеңінде кәсіпкерлік нысандар қауіпсіздік шаралары мен гигиеналық талаптарды сақтай отырып, қызметін жалғастыруда.

 

Қанат СМАҒҰЛОВ,

Байзақ ауданы, Түймекент ауылдық округінің әкімі.