Қоғам

Тараз тұрғыны анасымен 55 жылдан кейін қауышты

Тараз тұрғыны анасымен 55 жылдан кейін қауышты

Qazaqstan ұлттық арнасындағы "Қымбат жандар" бағдарламасында анасы мен қызы 55 жылдан кейін қауышты. Бақытгүл Айменбетова ана құшағынан айырылып, перзентханада қалған. Кейіннен оны перзентханадан бір отбасы асырап алған. Алайда Бақытгүл 20 жасында туған анасы өзінен бас тартқаны туралы құжатты тауып алады. Оның бір арманы - анасын іздеп табу болған. Табылған құжат арқылы деректер іздеуге кіріскен.

Бағдарлама ұжымы Бақытгүлдің анасын табылғаны туралы қуанышты хабарды жеткізген. Шығыс Қазақстан облысынан Таразға оқуға түсемін деп келген Бақытгүлдің анасы сол жылдары белгісіз біреу зорлап кеткенін айтқан.

Осылайша амалсыздан сәбиін тастап кетуге мәжбүр болған.

tengrinews