дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 16:53

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таразда донорларға құрмет көрсетілді

Таразда донорларға құрмет көрсетілді
Сурет: jambylinfo.kz
Жылына облыста 16 мың донация тіркеледі

Жыл сайын 14 маусымда Дүниежүзілік донорлар күні өтеді. Келе жатқан медицина қызметкерлерінің күніне орай, Жамбыл облыстық қан орталығында басқаның өмірін құтқару үшін ерікті түрде өз қандарын тапсыратын донорларды марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Шараға Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жанар Оспанова қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

«14 маусым – Дүниежүзілік донорлар күні. Әр жыл сайын 115 миллион донация тіркеледі. Біздің мемлекет доноцияны дамыту жөніндегі саясатты мықтап ұстанып келеді. Облысымызда жылына 16 мың донация тіркелсе, олар үш мыңнан астам адамның өмірін сақтауға үлес қосады. Мұнда жылына 25 мыңнан астам қан донациясы дайындалады. Барлық донорларды бүгінгі атаулы күнмен құттықтап, барша халықты донор болуға шақырамын», - деді Жанар Оспанова. 

Мұнан кейін басқарма басшысы бірқатар донорларға Қазақстан Республикасының Еңбек Ері, мәжіліс депутаты Мұқаш Ескендіровтің, Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековтің «Алғыс хатын» табыс етті.

Сондай-ақ шарада  медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Дауыл Бейсенқұловтың «Алғыс хаты» бірқатар ақ халатты абзал жандарға табысталды.

Индира Тәліпқызы
Автор

Индира Тәліпқызы

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар