Қоғам

Таразда үш баланың анасы төбелескені үшін 50 мың теңге моральдық шығын төлеуге міндеттелді

«Таяқ жеген» әйел сотта 800 мың теңге моральдық шығын сұраған

Жамбыл аудандық соты екі әйелдің арасында болған жанжалға байланысты азаматтық істі қарап, нүктесін қойды, деп жазады jambylinfo.kz.

Облыстық соттың баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, 2023 жылдың қарашасында Ф. есімді азаматша Н. есімді азаматшаны ұрған, бірақ, денсаулығына жеңіл түрде де зиян тигізбеген. Дегенмен, Н.есімді азаматша азаматтық сотқа жүгініп, талап арыз берген. Алдымен Ф.есімді азаматшаға Тараз қалалық соты 24 150 теңге айыппұл салған.

Сонымен қатар, талап  қоюшы өзінің талабында соттан 800 мың теңге көлемінде моральдық залал өндіріп беруді сұраған.

Осылайша, сот шешімімен талап қоюшының талабы ішінара қанағаттандырылыа, жауапкер талап қоюшының пайдасына 50 мың теңге моральдық залал төлеуге міндеттелді.