жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 10:28

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Тараздық тәртіп сақшылары өрт жағдайына қаншалықты дайын?

Тараздық тәртіп сақшылары өрт жағдайына қаншалықты дайын?
ашық дереккөзі
Тараздық тәртіп сақшылары өрт жағдайына қаншалықты дайын?
Тараз қаласы №2 Полиция басқармасының полиция бөлімі ғимаратында өрт тактикалық жаттығу өткізілді.
Оқу-жаттығу өткізудегі басты мақсат Өрт сөндіру қызметінің аға басшы және қатардағы жеке құрамымен режимді нысандардағы өрттерді сөндіруді ұйымдастыру мен тактикасы бойынша негізгі мәселелері мен ерекшеліктерін тәжірибелік тұрғыдан машықтау, сондай-ақ Тараз қаласы №2 полиция басқармасының қызметкерлерімен өзара әрекеттестікті жаңғырту болып табылады.
Оқу-жаттығу сценариі бойынша өрт №2 полиция бөлімі ғимаратының 1-ші қабатының серверлік бөлмесінде электр сымдарының ауыртпалығынан электр сымдарында қысқа тұйықталу жағдайы орын алады. Пайдаланылған өрт сөндіргіштерге өрт өшпей, өрт одан әрі сервер аппаратына жалғасып, ашық өрт пайда болады. Өрттен қою қара, өткір иісті түтін бөлініп, өрт ғимараттың 1-ші қабатына тарайды. Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметінің диспетчерімен №2 жоғарғы рангалы шақыртуы бойынша өрт орнына Тараз қаласы өртке қарсы қызметі гарнизонының күштері мен құралдары жөнелтіледі.
Оқиға орнында адамдарды, материалды-тауарлық құндылықтарды құтқару және өртті сөндіру үшін өрт сөндіру штабының жұмысы ұйымдастырылып, 2 жауынгерлік участок құрылды. Жеке құраммен арнайы өрт сөндіру техникасын қолданумен адамдарды құтқару және қауіпсіз аймаққа көшіру бойынша іс-әрекеттері, газ-түтінінен қорғау қызметі буындарының жұмысын ұйымдастыру жұмыстары атқарылды.
Нәтижесінде оқу-жаттығуға қатысқан барлық бөлімшелер алға қойылған жауынгерлік тапсырмаларын сәтті аяқтады. Тараз қаласы №2 полиция басқармасының полиция қызметімен мемлекеттік өртке қарсы бөлімшелері келгенге дейін 30 адам қауіпсіз аумаққа көшірілді. Өрт сөндіру қызметінің жеке құрамымен жүргізілген жедел шаралар қорытындысы бойынша көлемі 40 шаршы метрді құрайтын шартты өрт жойылды.
Оқуға Тараз қаласы өртке қарсы қызмет гарнизонының бөлімшелері (№2 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі, №3 өрт сөндіру бөлімі), Кезекшілік өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері қатысты. Барлығы 4 бірлік өрт сөндіру техникасы мен 1 дана УАЗ автокөлігі және 21 адам жеке құрам жұмылдырылды.
Оқу қорытындысы бойынша Кезекшілік өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері және Тараз қаласы №2 полиция басқармасының полиция қызметі қызметкерлерімен оқу-жаттығуға жалпы талдау жүргізді.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар