Қоғам

Тараздықтардың наразылығын тудырған мәселе облыс әкімі өткізген кеңесте қаралды

Тараздықтардың наразылығын тудырған мәселе облыс әкімі өткізген кеңесте қаралды

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Тараздағы қоғамдық көліктерге электронды төлем жүйесін енгізу жұмыстарын сынға алды. Бұған қала тұрғындарынан түскен толассыз шағымдар себеп болды.

8 қазаннан бастап облыс орталығының автобустарында электронды билет жүйесі енгізілген болатын. Ол бойынша «TulparCard» карталары барларға төлем құны бұрынғы 65 теңге деңгейінде қалса, қолма-қол ақшалай төлем 130 теңгеге өскен.

Өкінішке орай, қала тұрғындарының көпшілігі аталған картаны сатып алуға асықпаған сыңайлы. Соңғы күні ғана карта алуға ұмтылған қалалықтардың қарасы қалың болып, салдарынан сауда нүктелерінде ұзын-сонар кезек пайда болған. Карталардың таусылуына байланысты кейбір сауда орындары толығымен жабылды.

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Бақытжан Жәнібековтің айтуынша, олара екі ай бұрын, ақшаны қолма-қол төлеп жүрген кезде-ақ, жол ақысының өзгеруі туралы ескертіліпті.

Бұл жауап облыс әкімін қанағаттандырмады.

Облыс әкімінің орынбасары Ұлан Жазылбек те мән-жайды түсіндіруге тырысты:

​ Бердібек Сапарбаев әлеуметтік желілердегі азаматтардың шағымдарын көрсетті.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі