Қоғам

"Тайқазан" жобасына үлес қосты

"Тайқазан" жобасына үлес қосты

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттің тапсырмасымен  "Тайқазан" жобасы  қолға алынып, еліміздің түкпір-түкпірінде қолдау тапқан болатын.

"Тайқазан" жобасының басты мақсаты - жағдайы төмен отбасыларға жылулық сыйлап, азық - түлікпен қамтамасыз етіп, қайғы мұңдарын сейілту. Аталмыш жобаның  ауданымызда жүзеге асуына "Байзақ баба" мешітінің бас имамы Рәмиз қажы Азизовтың тікелей ұйытқы болуымен, елді мекендердегі мешіт имамдарының қолдауымен іске асырылып, қоғамның осал топтарына  азық-түлік өнімдері салынған  қапшықтар табыс етілді.

Жобаның шарапатын көрген отбасылар діни басқармаға алғыстарын  білдірді.