«Тайлақ» атаман: Нұржан Төлендиевтің мектептегі өмірі туралы сыныптастары не дейді
- авторБақытжан Бекболат
- 10 маусым, 2025
- 545

Нұржан Төлендиевтің айтуынша, бұрынғы сыныптастарымен арасы әлі де жақын, ауылына жиі барып тұрады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Сыныптастарының айтуынша, Нұржан – мектепте үздік оқушылар қатарында болмаған. Бірақ белсенділігімен, ұйымдастырушылық қабілетімен көзге түскен.
«Сабақты беске болмаса да, үш, төртке оқыды. Үздік болмады, орташа оқыды. Мектепте «Тайлақ деп айтатынбыз. Үйіндегілер солай атаған. Мектепте кішкентайынан белсенді болды. Қазір де сыныптастарымен, бізбен жақсы араласады. Жақында тойында болдық. Бәрімізді жинап алады, ортаға алып отырамыз ғой. Таңға дейін отыратын кездер болады кейде. Ауылды сағынып келеді. Бәрімізді жинап алады. Ауылдың бәрін аралайды. Жиі келіп тұрады. Мектепте бірінші атаман еді. Бәрін ұйымдастыратын. Бір нәрсені бүлдіретіні де бар. Күлдіреді де, бүлдіреді де. Мектепте каратэге қатысты», - дейді сыныптастары.