Қоғам

«Тексіздер, қазақ ұлтын қорладыңдар!». Халық киіз үйде жартылай жалаңаш билегендерді жазалауды талап етіп отыр

Әлеуметтік желіде ұлттық нақышта киім киіп, ұятсыз би билеген қыздардың видеосы тарады

Бұл видео әлеуметтік желі қолданушыларының ашуын туғызды. Сол себепті, олар желіде ұлттық идиологияға жауапты Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны, депутаттарды белгілеп, ұлттық құндылықтарды қорлағандарды жауапқа тарту сұрап отыр, деп хабарлайды jambylinfo.kz. 

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде халық «Кешью» тобы да Америкада  ұлттық киімдерді қорлады деп наразылық білдірген болатын.