Қоғам

Топ-20: Қазақстанға шетелдік туристер келсе қайда бара алады

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Қазақстанға келетін туристерге арналған басым аумақтардың тізімі ТОП-20-ға дейін кеңейтілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Спорт және туризм министрі Ермек Маржықпаевтың айтуынша, еліміздегі ТОП-20 басым туристік аймақтың толық тізімі мынадай:

Хан Ордасы (БҚО),

Қарғалы су қоймасы (Ақтөбе облысы),

Туристік кешен (Қостанай облысы),

Щучье-Бурабайдағы «Ақбура» курорттық аймағы (Ақмола облысы),

Имантау-Шалқар курорттық аймақтары (СҚО),

Баянауыл (Павлодар облысы),

Катон-Қарағай курорттық аймағы (ШҚО),

Алакөл курорттық аймағы (Абай облысы мен Жетісу облысы),

Түрген-Қаскелең тау кластері (Алматы қаласы мен Алматы облысы),

«Көксай resort» (Жамбыл облысы),

Балқаш (Қарағанды облысы),

Түркістан (Түркістан облысы),

Байқоңыр ғарыш айлағы (Қызылорда облысы),

Ұлытау ауылы (Ұлытау облысы),

Жылы жағажай (Маңғыстау облысы),

Сарайшық қалашығы (Атырау облысы),

Шымкент – гастрономиялық туризм орталығы (Шымкент қаласы) және Туристік аудан (Астана қаласы).

Ішкі туризм ағынының серпінді өсуін ескере отырып, министрлік жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп аталған туристік бағыттарда инфрақұрылымды дамыту бойынша жол карталарын әзірледі.