Қоғам

ТЖД телефонына тыныштық жоқ

ТЖД телефонына тыныштық жоқ

Жамбыл облысының құтқарушылары 14-17 тамыз аралығында 5 рет шөпханадағы өрттерді сөндірді. Атап айтсақ, Жамбыл ауданындағы Қостөбе ауылы, Шу ауданындағы Жаңажол ауылы, Байзақ ауданындағы Түймекент ауылы, Талас ауданындағы Тұрымқұл ауылы, Қордай ауданындағы Қызылсай ауылдарындағы 2000 түк (40 тонна) шөп өртенді. Сонымен қатар, Қордай ауданындағы Қордай ауылы, Абай көшесінің соңында бидай егістігінің өртенуі болды. Көлемі 1,5 га құрады. Аталған күндері Өрт сөндіру мекемесінің күштері мен құралдары өрт сөндіру бойынша шақыртуларға дер кезінде шығып, бірнеше рет жұмылдырылды. Сондай-ақ демалыс күндері Жамбыл облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің жеке құрамы облыс бойынша қоқыстың жануы мен жану оқиғаларына 29 рет шықты және апаттық-құтқару жұмыстарына 7 рет шықты. Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті облыс және қала тұрғындарының назарына өртті сөндіргеннен ескерткен оңай екендігін жеткізеді. Өрт оқиғасы туындай қалған жағдайда «101», «112» телефон нөмірлеріне қоңырау шалу қажеттігін ескертеді.