сенбі, 19 шілде, 2025 2:25

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

ТЖМ Қазақстан бойынша дауылды ескерту жариялады

ТЖМ Қазақстан бойынша дауылды ескерту жариялады
Фото: Jambylinfo.kz
Сонымен қатар, өрт қаупі жоғары деңгейде сақталып отыр.

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 2025 жылғы 4 шілдеге еліміздің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады. Көптеген аймақта қатты жел, бұршақ, найзағай, шаңды дауыл мен аптап ыстық күтіледі, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Маңғыстау облысы

Облыс орталығында шаңды дауыл тұрады. Солтүстіктен және солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні түнде 15-20 м/с-қа жетеді. Күндіз облыстың оңтүстігінде 40 градус қатты ыстық күтіледі. Батыс, оңтүстік, солтүстік және орталық бөліктерінде жоғары өрт қаупі, ал солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысы

Батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Күндіз солтүстік пен шығыста найзағай ойнап, бұршақ жаууы және дауыл тұруы ықтимал. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні күндіз 15-20 м/с болады.

Атырау облысы

Облыстың батысы мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысы

Солтүстігінде нөсер жаңбыр жауады. Түнде облыстың батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде найзағай ойнайды. Күндіз бұршақ, дауыл және шаңды дауыл күтіледі. Желдің бағыты оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады. Түнде және күндіз желдің екпіні 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с дейін жетеді. Күндіз 35 градус аптап ыстық болады. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысы

Солтүстік пен орталықта шаңды дауыл тұрады. Жел солтүстік-батыстан соғып, түнде және күндіз 15-20 м/с болады. Күндіз 41-44 градус қатты ыстық күтіледі. Өңір бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.

Астана қаласы

Күндіз найзағай ойнап, бұршақ жаууы, дауыл және шаңды дауыл тұруы мүмкін. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 25 м/с дейін жетеді. Күндіз 35 градус қатты ыстық болады.

Қостанай облысы

Солтүстік пен шығыста нөсер жаңбыр жауады. Облыстың батысы, солтүстігі және шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с. Оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі бар.

Шығыс Қазақстан облысы

Облыстың шығысында найзағай болады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, күндіз шығыс пен оңтүстікте 15-18 м/с дейін күшейеді. Күндіз 35 градус аптап ыстық болады. Оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Абай облысы

Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.

Ұлытау облысы

Батысы мен солтүстігінде найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, таңертең және күндіз батыс, солтүстік және орталық бөліктерде 15-20 м/с, кей жерлерде 23 м/с болады. Күндіз 35-39 градус қатты ыстық күтіледі. Батыс, оңтүстік және шығыста төтенше, ал орталықта жоғары өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысы

Батыс, солтүстік және оңтүстігінде нөсер жаңбыр жауып, бұршақ және дауыл болады. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғып, екпіні түнде 15-20 м/с, күндіз оңтүстікте және шығыста 25 м/с дейін жетеді. Оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысы

Солтүстік-шығыс пен таулы аудандарда солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с болады.

Қарағанды облысы

Батыс пен солтүстікте найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, күндіз 15-20 м/с, кей кездерде 23 м/с болады. Күндіз 35 градус қатты ыстық, батыс, шығыс және оңтүстікте төтенше өрт қаупі бар.

Павлодар облысы

Батысында найзағай, күндіз облыс бойынша 35-37 градус қатты ыстық болады. Батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысы

Солтүстік-шығыстан соғатын жел Алакөл көлдері ауданында күндіз 15-20 м/с дейін жетеді.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар