Қоғам

Қуандық Бишімбаев сотта кінәсін мойындаған жоқ

Ол ісінің қайта тергеліп, алқа билер сотының қатысуымен ашық өткенін қалайды

Бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев азаматтық некедегі жары Салтанат Нүкенованы өлтірді деген айыппен келіспейтінін мәлім етті, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

«Маған тағылып отырған кінәнің мәнін түсіндім, кінәмді мойындамаймын. Менің ісім алқа билер сотының қатысуымен қаралса деймін. Ісім ашық қаралып, бұқаралық ақпарат құралдары қатысқанын қалаймын», - деді бүгін сотта ол. 

Айта кетейік, бүгін Астанада бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша сот басталды.