Қоғам

Әйелін 11 жыл бойы ұрып-соққан экс-әкім 2 жылға сотталды

Ринат Ибрагимов бұрынғы әйеліне 2 миллион теңге моральдық шығын өндіруге міндеттелді

Атырау облысы, Мақат ауданының экс-әкімі Ринат Ибрагимов бұрынғы әйелі Ақмарал Үмбетқалиеваны 11 жыл бойы ұрып-соққан және балаларын тартып алған, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Қылмыстық кодекстің 107-бабы 2-бөлігінің 3-тармағы «Материалдық немесе өзге де тәуелділікте болған адамға қатысты денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру» бойынша іс қаралған еді.

Ринат Ибрагимов ұрып-соққанның салдарынан жәбірленуші Ақмарал Үмбетқалиеваның 5-омыртқасы сынып,  орташа ауырлықтағы зақым алған. Сот Ринат Ибрагимовтың бұрын сотталмағанын және мінезі оң деп сипатталғанын ескеріп, 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.