дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 9:06

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қырғызстан 18 сәуірге дейін TikTok  желісін ел ішінде бұғаттамақ

Қырғызстан 18 сәуірге дейін TikTok  желісін ел ішінде бұғаттамақ
Коллаж: jambylinfo.kz
Әлемнің бірнеше елінде TikTok  желісін бұғаттау бойынша мәселелер көтеріліп жатыр. Ресейлік шенділер мен АҚШ-тың ақ жағалылары бұл бастаманы жүзеге асырғалы отыр. Ал, күні кеше Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік комитеті қадағалау қызметінің атына жолдаған хатында қытайлық қосымшада "балалар ақпараттық кеңістігінде" жүйелі және қағидаттық көзқарас жоқ екендігі айтылған, деп хабарлайды jambylinfo.kz

Айырқалпақты жұрттың ақпарат кеңістігіндегі мәлімет бойынша , Қырғызстан СІМ жанындағы байланыс саласындағы реттеу және қадағалау қызметі елдің барлық интернет-провайдерлеріне тиісті хат жолдаған. Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті "балалардың денсаулығына, олардың физикалық, рухани, адамгершілік дамуына зиян келтірудің алдын алу жөніндегі шаралар туралы" Заңға сілтеме жасайды.

"Балалардың денсаулығына, олардың зияткерлік, психикалық, рухани және адамгершілік дамуына зиян келтірмеу мақсатында ҰҚМК Қырғызстан аумағындағы TikTok ақпараттық сервисіне қолжетімділікті шектеуді және 2024 жылғы 18 сәуірге дейін жазбаша жауап беруді сұрайды", - делінген хатта. 


Қырғызстан цифрландыру министрлігі TikTok желісін ел аумағында бұғаттау жайлы ақпаратты растады. Желі опарторларына 18 сәуірге дейін қытайлық қосымшаны ел аумағында шектеу бойынша хат жолданған.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар