«Қызым жылда гүлімен келіп құттықтайтын еді». Салтанат Нүкенованың анасы туған күнінде аянышты жазба қалдырды
Жұмагүл Нүкенова күні кеше туған күнін атап өтті
Марқұм Салтанат Нүкенованың анасы Жұмагүл Нүкенова әлеуметтік желідегі жеке парақшасында туған күніне байланысты аянышты жазба қалдырды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Ол қызы тірі кезінде былтыр да туған күнімен құттықтай алмағанын, ал, биылғы туған күнінде өмірде жоқ екенін еске алып, жылады.
Дегенмен, желіде Жұмагүл Нүкенованы қолдау акциясы өтіп, Салтанатты таныған адамдар оның мекен-жайына гүл жіберіп, жылы тілектерін арнаған.
Естеріңізге сала кетейік, Салтанат Нүкенова 2023 жылдың 9 қарашасы күні экс-министр Қуандық Бишімбаевтың қолынан қаза тапқан болатын. Сот Бишімбаевты 24 жылға соттады.