Қоғам

«Қызымды ақтық демім қалғанша қорғаймын» - Қалдыбек Құрманәлі

Композитор қызы Әнару Құрманәліге қолдау білдіретінін айтты

Кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров «зорлады» деген күдікке ілінген Әнару Құрманәлінің әкесі Қалдыбек Құрманәлі  қызының жағдайына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Журналист Жұлдыз Төлеу сазгер Қалдыбек Құрманәліге хабарласып, жағдайға қатысты пікір алған. Композитордың сөзінше, Әнару Қалдыбекқызы осы жағдайдан соң өзіне бірнеше рет қол жұмсамақ болған көрінеді.