Қоғам

Жүргізушілер 13 ақпаннан бастап көлікті тек жеке куәлікпен жүргізе алады

Жүргізушілер 13 ақпаннан бастап көлікті тек жеке куәлікпен жүргізе алады

13 ақпаннан бастап еліміздің азаматтарына көлікті қажет құжаттарды алып жүрмей-ақ, тек жеке куәлікпен жүргізуіне болады.

Бұл туралы ҚР ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты.

Жаңа заң ағымдағы жылдың 13 ақпанынан бастап күшіне енеді. Бұрын Қазақстанда жүргізуші құжаттарының бірінің жоқтығы үшін ескерту (егер алғаш рет болса) немесе 5 АЕК үайыппұл қарастырылған болатын. Енді жүргізушілерге көлікті жүргізген кезде өзімен бірге тек бір ғана құжат - жеке басын куәландыратын куәлікті алып жүру жеткілікті.

Автокөлікті жүргізуші құжаттарынсыз басқарудың осындай мүмкіндігі Грузия, Украина, Польша, Латвия, Литва сияқты мемлекеттерде бар, ол елдерде де ұлттық заңнамаға тиісті өзгерістер енгізілген.

Tengrinews.kz