Қоғам

Жамбыл облысында қайын атасын ұрған келіннің ісі әкімшілік сотта қаралған

Жамбыл облысы Меркі ауданының соты келін мен қайын атасының арасындағы жанжалға қатысты әкімшілік істі қарады, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Іс материалына сүйенсек, 2024 жылдың ақпан айында Г.есімді азаматша жанжалдасу кезінде Е.есімді азаматты, яғни, өзінің қайын атасын басынан ұрып жіберген. Қайын атасы келінінің үстінен жазбаша арыз жазып, сотқа жүгінген.

Сот іс материалдарын қарай келе қайын атасын ұрған келіншекті әкімшілік кодекстің 73-2 б.1-1 б. бойынша кінәлі деп танып, оған ескерту жасаған. Сот қаулысы заңды күшіне енген.