Қоғам

Жамбыл облысында Ресей салатын мектепте сол елдің мұғалімдері сабақ беретіні рас па

СІМ ресми өкілі еліміздің оңтүстік өңірлеріне Ресей салып беретін үш білім ошағында қазақстандық мұғалімдер сабақ беретінін айтты

Ресей Қазақстанның оңтүстігінде салатын мектептерге көрші елдің мұғалімдері келмейді. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды jambylinfo.kz. 

Оның айтуынша, қазір ресейлік тарап бұл ақпаратты өз сайттарынан өшіріп тастады. 


Бұған дейін Ресей Қазақстанның оңтүстігінде үш мектеп салатыны хабарланған болатын.