сенбі, 24 мамыр, 2025 18:00

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысында сиырларды шекарадан асырмақ болғандар ұсталды

Жамбыл облысында сиырларды шекарадан асырмақ болғандар ұсталды
ҚР ҰҚК ШҚ Жамбыл облысы бойынша департаменті
Жамбыл облысында мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтпек болған ірі қара малды тасымалдаушыларға қарсы күрес жалғасуда. Ел аумағынан малды заңсыз шығаруға тыйым салынғанына қарамастан, шекарадан өткізу әрекеттері әлі де тыйылмай отыр.

2025 жылдың 13 мамырында Меркі ауданына қарасты Қызылсай ауылының маңындағы "Түйе қарын" шатқалында шекарашылар, полиция қызметкерлері және ветеринариялық бақылау мамандарынан құралған бірлескен мобильді топ 64 бас ірі қара малды Қырғыз Республикасына заңсыз өткізбек болғандарды ұстады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Бұған дейін Жамбыл ауданы аумағындағы «Қайыңды» шекара бөлімшесінің жауапкершілік аймағында тағы бір осындай әрекетке тосқауыл қойылған еді. Онда Қырғыз еліне заңсыз шығарылмақ болған 111 бас ірі қара мал ұсталған болатын.

Айта кетейік, ірі қара малды шекарадан өткізуге қатысты талаптар күшейтілген. Ет өнімдерін тек арнайы белгіленген өткізу пункттері арқылы ғана тасымалдауға рұқсат етіледі. Алайда кейбір азаматтар бұл талаптарды айналып өтуге тырысып, шекараны бақылаусыз аймақтар арқылы кесіп өтпек болады.

 

 

 

Бөлісу:
Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар