Қоғам

ҰҚК жат ағым өкілдері бар қылмыстық топтарды құрықтау операциясын бастады

Ұлттық Қауіпсіздік комитеті Жамбыл облысымен қатар тағы бірнеше облыста осындай ірі операцияны бастады

Қазақстанның Ұлттық Қауіпсіздік комитеті бүгін, 17 ақпан күні Қазақстанның алты облысы мен бір қаласында жат діни ағымға кірген қылмыстық топтарды құрықтау операциясын бастады, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Комитеттің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, операция Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Түркістан облыстарында және Шымкент қаласында өтеді.

Комитет бүгін басталған операцияның қорытындысын жақын күнде жариялаймыз деген мәлімет ұсынып отыр.