Қоғам

Жамбыл облысының тұрғыны бес жасар бала зорланғанын мәлімдеді

Жамбыл облысының тұрғыны бес жасар бала зорланғанын мәлімдеді

Жамбыл облысының полициясы бес жасар баланы зорлау ісіне қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Телеарна мәліметінше, анасы құқық бұзғандар жазадан құтылып кетеді деп қорқады, сондықтан болған жағдайды айтуды шешкен. Ал жергілікті фельдшердің айтуынша, баланың денесіне ешқандай зақым келмеген. Бірақ әйел баласын қорлады деп айтып отыр.

Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. "Полицияға Тұрар Рысқұлов ауданының 40 жастағы тұрғыны хабарласты. Көршісі тарапынан оның кәмелетке толмаған ұлына қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттер болғанын айтты. Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабының 4-бөлігі ("Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деді полициядағылар. tengrinews