Қоғам

Жамбылда карантин қаншалықты жеңілдетіледі?

Жамбылда карантин қаншалықты жеңілдетіледі?

2020 жылдың 17 тамызынан бастап Жамбыл облысы аумағында халықтың тұрмыс-тіршілігінің және (немесе) ерекше жағдайдағы шектеу режимін кезең-кезеңімен жеңілдету шаралары енгізіледі. РҰҚСАТ БЕРІЛЕТІН ЖҰМЫСТАР: 🔹Жамбыл облысы аумағынан барлық көлік құралдары мен азаматтардың және облыстың барлық елді мекендерінен кіруі және шығуына; 🔹Жұмыс күндері жолаушылар үшін қоғамдық көліктердің қозғалысына; 🔹Жамбыл облысы аумағында тұрғындардың және жеке көліктердің еркін жүруіне; 🔹Ашық алаңда жеке және топтық жаттығуларға (5 адамнан аспауы тиіс); 🔹Жазғы алаңдарда және залдарда 30 орыннан аспайтын қоғамдық тамақтану орындарының жұмысына (сағат 11.00-ден 22.00-ге дейін); 🔹Қалыпты режимде: сауда және ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері (бутиктер), бөлшек сауда желілері, жабық базарлар (тұру деңгейі 30% -дан аспайды); т.б. Коронавирустық инфекцияның пайда болу эпидемиологиялық жағдайына байланысты шектеу шараларын қолданудың режимі мен мерзімдері өзгертілуі мүмкін.