Қоғам

Жамбылда «Тараз – таза қала» экологиялық акциясы өтті

Акцияға 100-ге жуық адам қатысып, 300 қап қоқыс жиналған

Пластика қалдықтары зиянды химиялық заттар бөліні анық. Осы мәселеге жол бермеу мақсатында қала тұрғындары, коммуналдық мекемелер, белсенді жастар «Тараз – таза қала» атты облыстық  экологиялық акциясын өткізді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Акцияға қатысушылар Тараз қаласы «Салтанат» ықшам ауданында орналасқан «Жасыл желек» алқабында тазалық жұмыстарын жүргізген. Экологиялық акцияға 100-ге жуық адам қатысып, 300 қап қоқыс жинаған.