Қоғам

Жамбылдықтар боксшы Асланбек Шымбергеновті күтіп алды

Париж олимпиадасының қатысушысы Асланбек Шымбергенов туған жеріне оралды

Париж олимпиадасының қатысушысы Асланбек Шымбергеновті әуежайдан Жамбыл облыстық спорт басқармасының өкілдері,  спортшының жақындары мен жанкүйерлері күтіп алды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Жамбылдықтар тарапынан боксшыға лайықты құрмет көрсетілді.

Жиналған көпшілік Асланбек Шымбергеновтің алдағы уақытта талай белестерді бағындыратынына сенім білдірді. 

Боксшы да өз кезегінде өзін қолдаған халыққа алғысын айтты. 

Еске салайық, жерлесіміз 28 шілде күні алғашқы жекпе-жегінде иорданиялық Зейад Ишайштанға есе жіберген болатын.