бейсенбі, 26 желтоқсан, 2024 19:59

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылдықтар «Үздік ауылды» анықтауда

Жамбылдықтар «Үздік ауылды» анықтауда
ашық дереккөзі
Жамбылдықтар «Үздік ауылды» анықтауда
Жамбыл облысы ауыл шаруашылығы саласына бейім өңір ретінде кәсіпорындар мен шаруашылықтардың басым бөлігі ауылдық елді мекенде орналасуын ескеріп, ауыл тұрғындарының тұрмыстық жағдайын жақсарту, елді мекендерді абаттандыру, тұрғындарды еңбекке баулу, ұлттық рухани құндылықтарды қайта жаңғырту мақсатында «Үлгілі ауыл» жобасын іске асыру қолға алынды. Жобаның негізгі идеологиялық мазмұны – ауыл тұрғындарының белсенділігін арттырып, еңбек етуші қоғам қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды дамытып тәрбие мәселесіне басымдық беру болып табылады. Ережеге сай ауылдардағы жұмыстар 2 бағытта жүргізілуде: 1-бағыт – Рухани және тәрбиелік мазмұндағы құндылықтарды үлгі ету, жастардың арасында құқық бұзушылықты болдырмау, алкогольды ішімдіктерден және де басқа зиянды әрекеттерден бас тарту, ұлттық дәстүрлерді жаңғырту, ақсақалдар мен билер алқасы институтын дамыту, аз қамтамасыз етілген отбасыларға қайырымдылық шаралар ұйымдастыру, т.б. жұмыстар атқару. 2-бағыт – жобаға қатысушы ауылдың инфрақұрылымын жаңғырту, оның ішінде газдандыру, ауыз-сумен қамтамасыз ету, көшелерді асфальттау және жарықтандыру, санитарлық-тазалық жұмыстарын жүргізу. Конкурсқа 10 ауданнан 13 ауыл қатысып, қажетті жұмыстарды жүргізуде. 1. Байзақ ауданы, Мәдімар ауылы 2. Жамбыл ауданы, Ащыбұлақ ауылы 3. Жуалы ауданы, Қарабастау ауылы 4. Қордай ауданы, Кенен ауылы 5. Меркі ауданы, Кеңес, Сұрат ауылдары 6. Мойынқұм ауданы, Биназар ауылы 7. Сарысу ауданы, Әбілдә ауылы 8. Талас ауданы, Үшарал, Қасқабұлақ ауылдары 9. Т.Рысқұлов ауданы, Көкдөнен, Абай ауылдары 10. Шу ауданы, Қонаев ауылы 1–бағыт идеологиялық жұмыстарды ұйымдастыру бойынша барлығы 277 іс-шара өткізілді. Жоба аяқталғанға дейін 423 іс-шара жоспарлануда. Кеңес, Сұрат, Қарабастау ауылдарында идеологиялық іс-шараларды өткізудің саны жағынан басқа ауылдармен салыстырғанда көп өткізілген (21-58 шара), Абай, Көкдөнен, Қонаев, Биназар ауылдарында орташа деңгейде (14-17 шара), Мәдімар, Ащыбұлақ, Кенен, Әбілда ауылдарында салыстырмалы түрде төменгі деңгейде. Меркі ауданы алкогольді ішімдіктерден және де басқа зиянды әрекеттерден бас тарту бойынша түсіндіру жұмысының тұрақты жүргізілуінің нәтижесінде Кеңес ауылында 4 дүкеннің 1-де, Сұрат ауылында 4 дүкеннің 3-де алкоголь сатылмайды. Т.Рысқұлов ауданы Көкдөнен ауылында алкогольді ішімдіктерден бас тарту мақсатында «Халал асхана» салынуда. Осы жұмыстар басқа ауылдарда өз деңгейінде жүргізілмей отыр. 2–бағыт бойынша 115 жоба іске асырылды, 60 жоба іске асырылуда. Байқауға қатысып жатқан ауылдар туралы облыстық «Jambyl» телеарнасының «Туған мекен» бағдарламасында әр аптаның сейсенбі күні көрсетілуде. Байқауға қатысушы ауылдар бойынша: Байзақ ауданы Мәдімар ауылында 15 идеологиялық іс-шара өткізілген, 17 шара жоспарлануда. Алкогольді ішімдіктерден және де басқа зиянды әрекеттерден бас тарту шаралары өткізілген. Биылғы жылы 20 адам жұмыспен қамтылған. Жанжалдар мен шиеленістік жағдайлар орын алмаған, ауылда ажырасқан отбасылар тіркелмеген. Жоба басталғалы 15 инфрақұрылымдық жоба аяқталса, 5 жоба іске асырылуда. Мәдімар ауылының 2 көшесіне жарық орнатылып, 3 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілді. 9 көшеге жаңа нұсқадағы аншлагтар орналастырылды. «Даңқ кешені», «Алғашқы механизаторлар» және «Ардагерлер» аллеяларына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Шағын футбол алаңының құрылысы аяқталды. Сонымен қатар, ауыл әкімдігінің ғимаратына, мектепке күрделі жөндеу жұмыстары, 1 көшеге су құбыры жүргізілуде. Жамбыл ауданы Ащыбұлақ ауылына 11 идеологиялық іс-шара өткізілген, 14 шара жоспарлануда. Алкогольді ішімдіктерден және де басқа зиянды әрекеттерден бас тарту бойынша 3 түсіндіру жұмысы жүргізілген. Биылғы жылы 17 адам жұмыспен қамтылған. Жанжалдар мен шиеленістік жағдайлар орын алмаған, ауылда ажырасқан отбасылар тіркелмеген. Жоба басталғалы 7 инфрақұрылымдық жоба аяқталса, 25 жоба іске асырылуда. Ащыбұлақ ауылына табиғи газ тарту жұмыстары жүргізілуде. 3 көшеге шағал төсеу жұмыстары жүргілді. Жуалы ауданы Қарабастау ауылында 21 идеологиялық іс-шара өткізілген, 17 шара жоспарлануда. Алкогольді ішімдіктерден және де басқа зиянды әрекеттерден бас тарту бойынша 3 түсіндіру жұмысы жүргізілген. Биылғы жылы 23 адам жұмыспен қамтылды. Жанжалдар мен шиеленістік жағдайлар орын алмаған, ауылда ажырасқан отбасылар тіркелмеген (2019 жылы ажырасқан 1 отбасы тіркелген). Жоба басталғалы 10 инфрақұрылымдық жоба аяқталса, 17 жоба іске асырылуда. Қарабастау ауылының орталық алаңында орналасқан Қолбасшы Қойгелді баба ескерткішіне жөндеу жұмыстары жүргізілді, балалар ойын алаңшасы ашылды. Орталық алаңға сахна орналастыру жұмыстары, «Тау самалы» отбасылық демалыс орталығын ашу жұмыстары жүргізілуде. Қордай ауданы Кенен ауылында 12 идеологиялық іс-шара өткізілген, 12 шара жоспарлануда. Алкогольді ішімдіктерден және де басқа зиянды әрекеттерден бас тарту бойынша 1 түсіндіру жұмысы жүргізілген. Биылғы жылы 54 адам жұмыспен қамтылған. Жанжалдар мен шиеленістік жағдайлар орын алмаған. Жоба басталғалы 8 инфрақұрылымдық жоба аяқталса, 8 жоба іске асырылуда. Кенен ауылына су құбырын жүргізу жұмыстары жүргізілуде. Қордай батыр көшесін толығымен диодты шамдармен жарықтандыру жұмыстары аяқталуда. Меркі ауданы Кеңес ауылында 49 идеологиялық іс-шара өткізілген, 11 шара жоспарлануда. Алкогольді ішімдіктерден және де басқа зиянды әрекеттерден бас тарту бойынша 15 түсіндіру жұмысы жүргізіліп, нәтижесінде 4 дүкеннің 1-де алкоголь сатылмайды. Биылғы жылы 26 адам жұмыспен қамтылды. Жанжалдар мен шиеленістік жағдайлар орын алмаған, ауылда ажырасқан отбасы тіркелмеген. Жоба басталғалы 6 инфрақұрылымдық жоба аяқталса, 6 жоба іске асырылуда. Орталық саябақ құрылысы жұмыстары жүргізілуде. Сұрат ауылында 51 идеологиялық іс-шара өткізілген, 9 шара жоспарлануда. Алкогольді ішімдіктерден және де басқа зиянды әрекеттерден бас тарту бойынша 15 түсіндіру жұмысы жүргізіліп, нәтижесінде 4 дүкеннің 3-де алкоголь сатылмайды. Биылғы жылы 23 адам жұмыспен қамтылған. Жанжалдар мен шиеленістік жағдайлар орын алмаған, ауылда 2 ажырасқан отбасы тіркелген. Жоба басталғалы 11 инфрақұрылымдық жоба аяқталса, 5 жоба іске асырылуда. Мойынқұм ауданы Биназар ауылында 14 идеологиялық іс-шара өткізілген, 7 шара жоспарлануда. Алкогольді ішімдіктерден және де басқа зиянды әрекеттерден бас тарту бойынша 2 түсіндіру жұмысы жүргізілген. Биылғы жылы 40 адам жұмыспен қамтылған. Жанжалдар мен шиеленістік жағдайлар орын алмаған (2019 жылы 2 оқиға болған), ауылда ажырасқан отбасы тіркелмеген. Жоба басталғалы 10 инфрақұрылымдық жоба аяқталса, 4 жоба іске асырылуда. Биназар ауылының 2 көшесіне жөндеу жүргізілуде. Сарысу ауданы Әбілда ауылында 48 идеологиялық іс-шара өткізілген, 6 шара жоспарлануда. Алкогольді ішімдіктерден және де басқа зиянды әрекеттерден бас тарту бойынша 3 түсіндіру жұмысы жүргізілген. Биылғы жылы 15 адам жұмыспен қамтылған. Жанжалдар мен шиеленістік жағдайлар орын алмаған, ауылда ажырасқан отбасы тіркелмеген. Жоба басталғалы 5 инфрақұрылымдық жоба аяқталса, 5 жоба іске асырылуда. Әбілда ауылының көшелеріне шағал төсеу жұмысы жүргізілуде. Ауыл көшелерінде жарықтандырылу бағаналары орнатылды. Т.Рысқұлов ауданы Көкдөнен ауылында 15 идеологиялық іс-шара өткізілген, 13 шара жоспарлануда. Алкогольді ішімдіктерден және де басқа зиянды әрекеттерден бас тарту бойынша 2 түсіндіру жұмысы жүргізілген. Биылғы жылы 77 адам жұмыспен қамтылған. Жанжалдар мен шиеленістік жағдайлар орын алмаған, ауылда ажырасқан отбасы тіркелмеген. Жоба басталғалы 9 инфрақұрылымдық жоба аяқталса, 3 жоба іске асырылуда. Көкдөнен ауылына табиғи газ тарту жұмысы аяқталуда, көшелерге жаяу жүргіншілерге арналған тротуар төсеу жұмыстары жүргізілуде. 2 көшеге диодты көше шамдарын орнату жұмыстары аяқталды. Тараз қаласы жағынан кіре беріске орнатылып жатқан арканың құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Абай ауылында 17 идеологиялық іс-шара өткізілген, 11 шара жоспарлануда. Алкогольді ішімдіктерден және де басқа зиянды әрекеттерден бас тарту бойынша 1 түсіндіру жұмысы жүргізілген. Биылғы жылы 77 адам жұмыспен қамтылған. Жанжалдар мен шиеленістік жағдайлар орын алмаған, ауылда ажырасқан отбасы тіркелмеген. Жоба басталғалы 13 инфрақұрылымдық жоба аяқталса, 7 жоба іске асырылуда. Талас ауданы Үшарал ауылында 28 идеологиялық іс-шара өткізілген, 27 шара жоспарлануда. Алкогольді ішімдіктерден және де басқа зиянды әрекеттерден бас тарту бойынша 5 түсіндіру жұмысы жүргізілген. Ауылда жұмыссыз адам тіркелмеген. Жанжалдар мен шиеленістік жағдайлар орын алмаған, ауылда 4 ажырасқан отбасы тіркелген. Жоба басталғалы 10 инфрақұрылымдық жоба аяқталса, 5 жоба іске асырылуда. Талас ауданы Қасқабұлақ ауылында 20 идеологиялық іс-шара өткізілген, 12 шара жоспарлануда. Алкогольді ішімдіктерден және де басқа зиянды әрекеттерден бас тарту бойынша 6 түсіндіру жұмысы жүргізілген. Ауылда жұмыссыз адам тіркелмеген. Тамыз айында тұрмыстық жанжал орын алды, ауылда ажырасқан 3 отбасы тіркелген. Жоба басталғалы 3 инфрақұрылымдық жоба аяқталса, 2 жоба іске асырылуда. Шу ауданы Д.Қонаев ауылында 16 идеологиялық іс-шара өткізілген, 9 шара жоспарлануда. Алкогольді ішімдіктерден және де басқа зиянды әрекеттерден бас тарту бойынша 1 түсіндіру жұмысы жүргізілген. Биылғы жылы 77 адам жұмыспен қамтылған. Жанжалдар мен шиеленістік жағдайлар орын алмаған, ауылда ажырасқан отбасы тіркелмеген. Жоба басталғалы 9 инфрақұрылымдық жоба аяқталса, 2 жоба іске асырылуда. Д.Қонаев ауылының Ұлы Отан Соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіш стелла орнатылды. 2 көшесінің жолдарына жөндеу жүргізілуде, кәсіпкер азаматтар ауылға кіші футбол алаңын салуда, орта мектебіне күрделі жөндеу жұмысы жүргізілуде. Сонымен бірге, Байзақ, Мойынқұм, Шу, Талас, Т.Рысқұлов аудандарында асар акциясы аясында аз қамтылған отбасыларына үйлер соғылуда.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар