сенбі, 28 желтоқсан, 2024 18:00

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылдық жастардың игі ісі

Жамбылдық жастардың игі ісі
ашық дереккөзі
Жамбылдық жастардың игі ісі

Осыдан 10 жыл бұрын жамбылдық жастар Ұлы Отан соғысы кезіндегі «Марс» операциясына қатысқан жерлестеріміз жайлы деректерді іздестіруді қолға алған еді. Сол жылдары жастар ұйымдарының көшбасшылары «Марс-2009-2010» жобасын жүзеге асырып, құпия операцияға қатысқандар мен олардың туған-туысқандарын іздестіру жұмыстарын жүргізген. Сол ізденістен табылған жәдігерлер Тараз қаласындағы Бауыржан Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағында орналасқан «Даңқ» залының музей қорын толықтырды.

Жобаны жүзеге асырушы жастар бірлестіктерінің бірінің көшбасшысы болған Әлия Арзымбетова осы операцияға жүзден аса жамбылдық жауынгердің қатысқанын естіп, іздестіру шарасына құлшына кіріскендерін жеткізді. – «Марс» операциясына қатысқан және 39-Калинин майданында 39-армия құрамында 100-және 101-атқыштар бригадасында жауынгерлік міндеттін атқарған 124 жамбылдық болғанын естігенде, ізденіске ерекше құлшыныспен кірістік. 100 және 101-атқыштар бригадасы Алматы қаласында, Ақтөбе облысында құрылған екен. Олардың басым бөлігі қазақтар болған. Үлкен ізденіс жұмыстарын жүргізіп, 14 қазақ жауынгерінің отбасын тапқанбыз. Сол кісілермен бірге Ресей жеріне барып, Отан үшін қаза тапқан аталарымызға тағзым етіп келдік. Сонымен қатар соғыс болған жерлерден каскаларын, гильзаларын және аталарымызға мәңгілік мекен болып бұйырған топырақты құтыға салып алып келген едік. Ол азаматтар жайлы жазушы-журналист Мақұлбек Рысдәулет ағамыз біраз дүниелер жазды. Сол кітаптармен бірге «Марс» операциясына қатысқан жамбылдық жауынгерлер жайлы жиналған деректерді музейге тапсырып отырмыз, – деді Ә.Арзымбетова. «Марс-2009-2010» жобасын жүзеге асырған жамбылдық жастардың мақсаты – кешегілердің ізін тауып, кейінгі ұрпаққа жеткізіп, Отан үшін отқа түскен батыр бабалардың ерлігін ел есінде сақтауға үлес қосу. Өткеннің өнегесімен келешектің иелеріне патриоттық тәрбие, өр мінез қалыптастыруды көздеген жоба олжалы аяқталғаны анық.

  Қамар Қарасаева
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар