Жамбылдық жастардың ісі көпке үлгі
Шайдана ауылы жастарының бірлесіп жасап жатқан ілкімді ісін ауданымыздағы басқа да елдімекеннің жастарына үлгі етуге болады.
"Шайдана-Алмаз" спорт кешеніндегі 1 138 шаршы метріне жастар бірлесіп жасанды тоғанның жұмысын үйлестіріп жатыр.
Естеріңізде болса, түнеугүні жасөспірімдер облыстың атқамінерлерімен байланысып, Тараз қаласы "Локомотив" стадионында қолданыстан шығарылған жасанды тоғанды (газон) ауылдағы тозығы жеткен төсеніштің орнына төсеу туралы өздерінің ұсыныстарын білдірген еді.
Жастардың талап-тілегін құп көрген Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ержан Жылқыбаев аудан әкімі Сәкен Арубаев пен облыстық спорт басқармасының басшысы Нұрбол Жүнісбеков арнай аттың басын аядай ауылға бұрып, жағдайды көріп, қолданыстан шығарылған төсенішті осында жеткізуге септігін тигізді.
Өздеріңіз көріп тұрғандай тонның ішкі бауындай ұйымдасқан кейінгі толқындар төсенішті талапқа сай төсеп жатса, ауыл ағалары спорт кешенін көріктендіру үшін қажетті материалдарды тегін жеткізіп беруде. Ауыл жастары қолғабыс еткен барша басшыларға алғысын айтуда.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала