Қоғам

Желі жұлдызына айналған мектеп директоры Димаштың челленджінде жеңімпаз атанды

The final spritzer

Ол мектеп түлектерімен бірге Димаштың орындауындағы «Тау ішінде» әніне арналған бейнечелленджге қатысып, ерекше әсерлі видеожазба ұсынған. Айта кетейік, бұл туынды – қазақтың көрнекті ақыны Сәкен Сейфуллиннің өлеңі.

Астанадағы №58 мектеп-гимназиясының директоры Ақмоншақ Нұртаза әйгілі әнші Димаш Құдайберген ұйымдастырған челленджде жеңіске жетіп, Лондонда өтетін концертке билет иегері атанды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Ақмоншақ Нұртазаның айтуынша, 24 мамырда әлеуметтік желіге жүктелген бейнеролик қазіргі таңда 3,4 миллион қаралым мен 131 мың лайк жинап, өзге қатысушылардан оқ бойы озып шыққан.

«11-сыныпты аяқтап, үлкен өмірге қадам басқалы тұрған жас түлектермен тамаша бір тренд», – деп жазды мектеп директоры өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Жеңімпаз бейнеролик Димаш Құдайбергеннің Алматыда өткен концертінде көрермендерге көрсетілді. Ал Лондондағы концертке арнайы билет директоры Ақмоншақ Нұртазаға әншінің анасы – Светлана Айтбаева тарапынан табысталды.