Руханият

Таразда Халық қаһарманы Ғазиз Байтасовты еске алу шарасы өтті

Таразда Халық қаһарманы Ғазиз Байтасовты еске алу шарасы өтті

2020 жылдың 12 қарашасы күні  сағат 10.00-де Жамбыл облысының Полиция департаментінде Халық қаһарманы Ғ.Байтасовты еске алу күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Іс-шараға Жамбыл облысы Полиция департаментінің басшылығы, Ғ.Байтасовтың туыстары, Жамбыл облысы мемлекеттік органдарының өкілдері, ішкі істер органдарының ардагерлері қатысты. Салтанатты митинг Халық қаһарманы Ғазиз Байтасовтың ескерткішіне гүл шоқтарын қоюмен басталды. Салтанатты гүл шоқтарын қою рәсімінен кейін батырды бір минут үнсіздікпен еске алып, үш дүркін салтанатты салют атылды.

Ғазиз Байтасовтың жұбайы Гүлжамал Тәжиева өз сөзінде Жамбыл облысының ПД басшылығы мен жеке құрамына отбасына жасаған қамқорлығы үшін  алғысын білдірді. Еске алу іс-шарасы Облыстық тарихи- өлкетану музейінде халық қаһарманы Ғ.Байтасовқа арналған стендтің ашылуымен аяқталды. polisia.kz