дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 19:23

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Сайлау қорытындысы шығарылды

Сайлау қорытындысы шығарылды
ашық дереккөзі
Сайлау қорытындысы шығарылды

Орталық сайлау комиссиясы елімізде өткен Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлаудың қорытындысын шығарып, саяси партияларға берілген дауыстар санын жариялады.

Орталық сайлау комиссия­сы төра­ғасының орынбасары Конс­тантин Петров  сайлау учас­ке­леріндегі сайлау­шы­лар тізім­деріне 11 919 241 азамат ен­ге­­нін хабарлады. Олардың ішін­де 7 539 280 адам немесе сайлау­шылардың 63,25 пайызы сайлау бюллетеньдерін алған. Дауыс беруге 7 389 153 адам қатыс­­қаны белгілі болды, оның ішінде есеп­тен шығару куәліктері бойынша 13 677 сайлаушы дауыс берді.

Саяси партиялар бойынша Қа­зақ­стан Халық партиясы – 659019 (9,10 пайыз), Nur Otan пар­тия­­сы – 5 148 074 (71,09 пайыз), «Ауыл» халықтық демо­­кра­тия­лық пат­риоттық партиясы – 383 023 (5,29 пайыз), «Ақ жол» демо­кра­­тия­лық партиясы – 792 828 (10,95 пайыз), ADAL саяси партия­сы – 258 618 (3,57 пайыз) дауыс жинаған.

Сондай-ақ Парламент Мә­жі­лісі депутаттарын сайлауда үш саяси партия ие болған мандаттар саны жарияланды. Nur Otan, «Ақ жол» және Қазақстан Халық партиясы жеті пайыздық межені еңсеріп, Қазақстан Парламентіне жолдама алды. Қорытынды бойынша Nur Otan партиясы – 76, «Ақ жол» демократиялық партиясы – 12, Қа­зақ­стан Халық партиясы – 10 мандатқа ие болды.

Отырыс барысында Пар­ла­мент Мәжілісіне Қазақстан халқы Ассам­блея­сынан сайланған депутаттар белгілі болды. 11 қаңтарда өткен ҚХА сайлайтын Мәжіліс депутаттарын сайлау нәтижесі бо­йынша 9 депутат анықталды. Олар­дың ішінде Сауытбек Абдрах­­манов – 298 (84,9 пайыз), Аветик Амир­ханян – 270 (76,9 пайыз), Ильяс Буларов – 274 (78,1 пайыз), На­талья Дементьева – 292 (83,2 пайыз), Юрий Ли – 282 (80,3 па­йыз), Вакиль Набиев – 285 (81,2 па­йыз), Шамиль Осин – 271 (77,2 пайыз), Владимир Тохтасунов – 277 (78,9 па­йыз), Абилфас Хамедов 290 (82,6 па­йыз) дауысқа ие болды. Сайлаушылар тізіміне енген 509 азаматтың 351-і немесе 68,9 пайызы дауыс беруге қатысты.

Сондай-ақ кеше Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) мәслихаттар де­пу­тат­тарының кезекті сайлауының қоры­тын­дысына арналған отырыс өткізді.

Жиында мәслихаттар депутаттары сайлауының қоры­тын­дысы мен де­пу­таттық мандаттарды бөлу мәселесі қаралды. ОСК төрағасы Берік Имашев өз сөзінде мәслихаттар депутаттарының сайлау қорытындыларын аумақтық сай­лау комиссиялары анықтайтынын атап өтті. Ел­дегі 216 мәслихат бойын­ша жұ­мысты облыстардың, Нұр-Сұл­тан, Алматы, Шымкент қала­ларының аумақтық сайлау комиссиялары жүр­гіз­ген. Осы мәселеге қатысты комиссия мүшелері аумақтық сайлау ко­мис­сияларының есептерін тың­дады.

«Сайлау науқанында атқа­рылған жұмыстар үшін бар­шаң­ызға алғыс айтамын. Осы арқы­лы мәслихаттар бо­йынша сайлау науқанын аяқтадық. Мәсли­хаттар депутаттары алғаш рет про­пор­ционалды сайлау жүйесі бо­йынша сайланды. Бұл – 2007 жыл­ғы консти­туциялық реформаның қисынды жалғасы, республикалық және жергілікті деңгейлерде өкілді орган­дарды қа­лып­тастыру жөніндегі тәсіл­дерді біріз­дендіреді», деді Берік Има­шев. Оның айтуынша, Сайлау тура­лы заңға сәй­кес депу­таттық ман­дат­тарды бөлу кезек­­тілігін саяси пар­тия­ның тиіс­ті фи­лиалының басшы ор­ганы сайлау қоры­тындылары жария­­лан­­ған күннен бастап бес күннен ке­шік­тір­мей айқындайды.

Мәслихаттар депутаттарын сайлау қорытындылары туралы хабарды тиісті аумақтық сай­лау комиссиялары жергі­лікті бұқаралық ақпарат құрал­дарында жариялайды.

Отырысқа саяси партия­лар­дың өкіл­­дері, бейнеконференц-­бай­ланыс ре­жі­мінде облыстар­дың, Нұр-Cұлтан, Ал­маты жә­не Шымкент қалаларының ау­мақ­тық сайлау комиссиялары қа­тысты.

egemen.kz

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар