Сайлау – 2022
Қазақстанда сайлау заңнамасын бұзғаны үшін қандай жаза қарастырылған
- авторjambylinfo.kz
- 3 қараша, 2022
- 227
Қазақстанда сайлау заңнамасын бұзғаны үшін қандай жаза қарастырылған
Қазақстанда сайлау заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік айыппұл қарастырылған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мәселен, кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталғанға дейін, сайлау күні немесе оның алдындағы күні сайлауалды үгіт жүргізгені үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте мынандай айыппұл қарастырлған:
Сайлауалды үгіт жүргізуге кедергі келтіргені үшін мынандай көлемде айыппұл салынады:
- жеке тұлғалар үшін – 15 АЕК (45 945 теңге);
- шағын бизнес немесе коммерциялық емес ұйымдар субъектілеріне – 20 АЕК (61 260 теңге);
- орта кәсіпкерлік субъектілері үшін – 25 АЕК (76 575 теңге);
- ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін – 35 АЕК (107 205 теңге).
- жеке тұлғаларға – 20 АЕК (61 260 теңге);
- лауазымды тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 30 АЕК (91 890 теңге);
- орта кәсіпкерлік субъектілері үшін – 40 АЕК (122 520 теңге);
- ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін – 50 АЕК (153 150 теңге).
- жеке тұлғаларға – 20 АЕК (61 260 теңге).
- лауазымды тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 30 АЕК (91 890 теңге);
- орта кәсіпкерлік субъектілері үшін – 40 АЕК (122 520 теңге);
- ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін – 50 АЕК (153 150 теңге).
Сайлаушылар тізімін жасау үшін сайлаушылар туралы бұрыс мәліметтер ұсыну, сондай-ақ лауазымды тұлғалар жергілікті атқарушы органдарға сайлаушылар тізімін жасау үшін сайлаушылар туралы бұрыс мәліметтер ұсынуы 25 АЕК (76 575 теңге) мөлшерінде айыппұл төлеуге әкеп соғады.
Ал жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғалары тиісті сайлау комиссиясына сайлаушылардың дәйексіз тізімін ұсынғаны үшін 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.
Екі немесе одан да көп рет дауыс беру немесе басқа сайлаушы үшін тең сайлау құқығы талаптарын бұзғаны үшін 25 АЕКкөлемінде айыппұл төлеуге тура келеді.
Шетелдiктердiң, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдiк заңды тұлғалардың және халықаралық ұйымдардың кандидаттарды, партиялық тiзiмiн ұсынған саяси партияларды ұсынуға және сайлауға, сайлауда белгiлi бiр нәтижеге қол жеткiзуге кедергi келтіретін және ықпал ететiн қызметтi жүзеге асыруы:
- жеке тұлғаларға – Қазақстан Pecпубликасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiбере отырып немесе 30 АЕК мөлшерінде,
- заңды тұлғаларға 1 мың АЕК (3 063 000 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.Сайлау комиссиясы мүшесiнiң азаматтарға басқа адамдар үшiн дауыс беруге мүмкiндiк жасау мақсатында сайлау бюллетеньдерiн беруi 25 АЕКмөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сайлауалды үгіт-насихат жүргізу шарттарын бұзу
Бұқаралық ақпарат құралдарының сайлау алдындағы іс-шаралардың мақсаттарын, міндеттері мен нәтижелерін бұрмалаудан көрінетін, кандидаттардың, саяси партиялардың сайлау науқанын, сондай-ақ олармен байланысты оқиғалар мен фактілерді объективті көрсетпеуі:- жеке тұлғаларға – 20 АЕК;
- лауазымды адамдарға – 30 АЕК;
- заңды тұлғаларға 50 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
- жеке тұлғаларға – 20 АЕК;
- лауазымды адамдарға – 30 АЕК;
- заңды тұлғаларға 50 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Бұқаралық ақпарат құралдарының барлық кандидаттарды және партиялық тізімдерді ұсыну, оларды сайлау комиссияларының тіркеуі жөніндегі іс-шаралар туралы ақпаратты баспасөз бетінен орын, эфир уақыты бойынша бірдей көлемде тарату туралы талаптарды бұзуы жеке тұлғаларға – 20 АЕК, лауазымды адамдарға – 30 АЕК, заңды тұлғаларға 50 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Эфирден жəне баспасөз бетінен орын бергені үшін төлемнің мөлшері, шарттары жəне тəртібі туралы мəліметті сайлау алдындағы үгіт жүргізу басталардан бес күн бұрын хабарламаған жəне жарияламаған, сондай-ақ сайлау комиссиясына ұсынбаған бұқаралық ақпарат құралдарының сайлауға қатысатын кандидаттардың, саяси партиялардың үгіт материалдарын жариялауы немесе эфирге шығаруы – лауазымды адамдарға – 30 АЕК, заңды тұлғаларға 50 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Бұқаралық ақпарат құралының кандидаттардың біріне, партиялық тізімді ұсынған саяси партияға эфир уақытын, баспасөз бетінен орын беруден бас тартуы, егер басқа кандидатқа, партиялық тізімді ұсынған саяси партияға осы бұқаралық ақпарат құралы эфир уақытын, баспасөз бетінен орын беруге келісім берілсе, лауазымды адамдарға – 30 АЕК, заңды тұлғаларға 50 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Кандидаттардың және партиялық тізімдерді ұсынған саяси партиялардың бұқаралық ақпарат құралдарында жазбаша өтініштердің келіп түсу ретімен немесе өтініштер бір мезгілде келіп түссе, жеребе бойынша белгіленген сөз сөйлеу кезектілігінің бұзылуы – 30 АЕК, заңды тұлғаларға 50 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Кандидаттарға және партиялық тізімдерді ұсынған саяси партияларға бұқаралық ақпарат құралдарында эфир уақытын, баспасөз бетінен орын беру туралы шарт талаптармен қандай да бір кандидатқа, партиялық тізімді ұсынған саяси партияға артықшылық туғызу – 30 АЕК, заңды тұлғаларға 50 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Анонимдік үгіттеу материалдарын тарату – 25 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Үгіттеу материалдарын қасақана жою, бүлдіру – 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Кандидаттың сайлау қорларына түскен түсiмдердiң мөлшерi туралы және сайлау қорларын құру көздерi туралы мәлiметтердi, сондай-ақ сайлау қоры қаражатының пайдаланылғаны туралы есептi ұсынбауы – кандидатқа 15 АЕК, заңды тұлғаға 50 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Кандидаттарға сайлау қорларынан тыс қаржылық немесе өзге де материалдық көмек, сондай-ақ қайырымдылық ұйымдары мен бірлестіктері көрсететін қайырымдылық көмек көрсету:
- жеке тұлғаларға – 25 АЕК;
- шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 30 АЕК;
- орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 40 АЕК;
- ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 50 АЕКмөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
- жеке тұлғаларға – 20 АЕК;
- шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 30 АЕК;
- орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 40 АЕК;
- ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 50 АЕКмөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Сайлаушыларға тегін немесе жеңілдік шарттарымен тауарлар беру, қызметтер көрсету, бағалы қағаздар беру, сондай-ақ лотереялар, қайырымдылық акцияларын өткізу, ақша төлеу не осындайларға уәде беру арқылы сайлау алдындағы үгіт жүргізу – 20 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Кандидаттар не олардың сенім білдірілген тұлғалары болып тіркелген журналистердің, бұқаралық ақпарат құралдары редакциялары лауазымды адамдарының сайлауды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялауға қатысуы – 20 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Жергілікті атқарушы органдар және өзін-өзі басқару органдары лауазымды адамдарының кандидаттардың біріне, партиялық тізімді ұсынған саяси партияға сайлаушылармен кездесу үшін шарттық негізде үй-жайлар беруден бас тартуы, егер басқа кандидатқа және партиялық тізімді ұсынған саяси партияға келісім берілсе, 30 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Үгіт материалдарын ескерткіштерде, обелисктерде, тарихи, мәдени немесе сәулеттік құндылығы бар ғимараттар мен құрылыстарда, сондай-ақ дауыс беруге арналған үй-жайларда орналастыру – 25 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Кандидаттардың сайлау алдындағы үгіт жүргізуге республикалық бюджеттен бөлінген қаражатты нысаналы жұмсамауы – 5 АЕК (15 315 теңге) мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Кандидаттардың, саяси партиялардың сенім білдірілген тұлғаларының, Қазақстан Республикасының саяси партиялары, өзге де қоғамдық бірлестіктері, коммерциялық емес ұйымдары байқаушыларының, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сайлау комиссиясының отырыстарына қатысу не сайлау учаскесінде дауыс беру күні ол ашылған кезден бастап және сайлаушылардың дауыстарын санау кезінде дауыс беру нәтижелері анықталғанға дейін болу не сайлау учаскесінде, дауыс беруге арналған пунктте дауыс беру барысын, дауыстарды санау және дауыс беру нәтижелерін ресімдеу рәсімін байқау не электрондық сайлау жүйесінің жабдығын ашу және орнату кезінде, сондай-ақ оның жұмыс істеуін тексеру кезінде қатысу құқығына, мұндай құқық заңда көзделген жағдайларда кедергі келтіру – 35 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Кандидаттардың, саяси партиялардың сенім білдірілген тұлғаларының, Қазақстан Республикасының саяси партиялары, өзге де қоғамдық бірлестіктері, коммерциялық емес ұйымдары байқаушыларының дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс беруді ұйымдастыру үшін сайлау комиссиясының мүшелеріне ілесіп жүру не дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде сайлаушылардың дауыс беруін өткізу кезінде қатысу не фото-, аудио- және бейнежазбаны жүзеге асыру не дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды жоғары тұрған сайлау комиссияларына беру рәсімін байқау не дауыс беруге, оның ішінде үй-жайдан тыс жерде дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың саны туралы ақпаратты алудан бас тарту не тиісті сайлау комиссиясының және оның мүшелерінің шешімдеріне, әрекеттеріне шағым жасау құқығына, мұндай құқық заңда көзделген жағдайларда кедергі келтіру – 35 АЕКмөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 2022 жылдың 20 қарашасында өтеді. Президенттікке алты адам кандидат ретінде тіркелді.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Сайлау – 2022
Сайлау-2022: ШЫҰ миссиясының байқаушылары жұмысын бастады
- авторjambylinfo.kz
- 18 қараша, 2022
Сайлау – 2022
Сайлау: Елімізде 86 учаскеде дауыс беру бір сағат ерте басталады
- авторjambylinfo.kz
- 18 қараша, 2022