Сайлау – 2022

Үміткердің қайсысы мықты екенін сайлау ғана анықтайды – Ерлан Қошанов

Үміткердің қайсысы мықты екенін сайлау ғана анықтайды – Ерлан Қошанов

ҚР президентін сайлауда кандидаттардың қайсысының мықты екенін сайлау ғана анықтайды. Бұл туралы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат .

«Үміткердің қайсысының мықты немесе осал екенін сайлау ғана анықтайды, яғни халық оған бағасын береді. Алдағы сайлаудың тағдырын сайлаушылар шешеді», — Мәжіліс төрағасы палатаның отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында. Сонымен қатар Е. Қошанов 11 қарашада өтетін кандидаттар арасындағы теледебатқа Президенттің атынан неге қатысатынын түсіндірді. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз өкілеттігін жалғастырып жатыр және жұмыс кестесі өте тығыз. Президент ретінде мемлекеттің бүкіл тағдырына, ішкі әрі сыртқы саясатына жауап береді. Сыртқы саясат пен ішкі мәселелер үгіт-насихат жүргізуін күтіп тұрмайды. Екіншіден, дебатқа штабтың атынан өзінің өкілінің қатысуы сайлау заңнамасына қайшы келмейді», — деді Мәжіліс төрағасы. Бұдан бұрын хабарланғандай, жақында теледебатқа қатысатын кандидаттар тізімі бекітілді. Пікірсайысқа қатысушылардың келесі құрамы ұсынылды: Әбден Қарақат Жақсылыққызы, Әуесбаев Нұрлан Сатыбалдыұлы, Дайрабаев Жигули Молдахалықұлы, Қажыкен Мейрам Зекешұлы, Қошанов Ерлан Жақанұлы, Тұрсынбекова Салтанат Пархатқызы. ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцова қазіргі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 11 қарашада өтетін сайлау алдындағы телевизиялық пікірталасқа неліктен қатыспайтынын түсіндірді.