Сайлау – 2022

Президент сайлауы: Батыс Қазақстанда көшпелі семинар-кеңес өткізілді

Президент сайлауы: Батыс Қазақстанда көшпелі семинар-кеңес өткізілді

Оралда Президент сайлауына дайындық мәселесін талқылаған көшпелі семинар-кеңес өтті. Жиынға аумақтық, учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары, кандидаттардың сайлауалды штабы мен саяси партия өкілдері қатысты. Тиісті заң тетіктері мен ережелері түсіндірілді. Облыста дауыс беру құқығына ие 447 мыңнан астам азамат бар. Бас аяғы 505 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Дауыс берудің заң аясында өтуі басты назарда болмақ. Қазір тіркеуде жоқ азаматтарды анықтап, тізімге қосу мақсатында 13 жедел топ құрылып, жұмыс істеп жатыр. Әсіресе, вахталық әдіспен еңбек ететін тұрғындар мен студенттердің сайлауға қатысуын қамтамасыз етуге көңіл бөлінеді.  Шавхат Өтемісов, Орталық сайлау комиссиясының мүшесі: