Сайлау – 2022

Сайлауда мүгедектердің дауыс беруіне жағдай жасалады

Сайлауда мүгедектердің дауыс беруіне жағдай жасалады

Жергілікті атқарушы органдар  сайлау учаскелерінде мүгедектігі бар азаматтардың дауыс беру жағдайын қамтамасыз ету бойынша қажетті шаралар қабылдайды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлімдеді, деп хабарлайды Жамбылинфо тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Әбдіровтың атап өтуінше, ҚР Контитуция туралы заңның нормаларына сәйкес, жергілікті атқарушы органдар мүгедектігі бар  азаматтардың дауыс беруге арналған үй жайларға кедергісіз кіруіне жағдай жасау арқылы олардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі сайлау жұмыста комиссияларына жәрдемдесуге міндетті.